Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Мемлекет басшысы күні кеше Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қоғамда белең алған біраз мәселелердің түйінін тарқатты. Соның ішінде Президент әлеуметтік маңызы бар мәселелерге тоқтала отырып, бала құқығы турасында сөз сөйледі.
«Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды» – деп, бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беретінін айтты. Осылайша Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің болашағы саналатын бүгінгі бүлдіршіндердің өміріне бей-жай қарамайтынын тағы да бір рет дәлелдеп берді.
Назым Садықбекова,
аудандық білім бөлімінің бас маманы.