Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
22 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселелер елдің ертеңін айқындауға және жаңа даму бағытында әсер етері сөзсіз.
Күнделікті өзгеріп отыратын әлеммен үндесу, көштен қалмау үшін қажетті реформаларды жүргізу, тиісті өзгерістерді енгізу – аса маңызды. Бұл өз кезегінде заман талабына сай әрекет етуге, тұралап қалған экономикамызды көтеруге, мемлекетімізді әрі қарай дамытуға, елдігімізді нығайтуға, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге сеп болады. Бастысы, қараша халықтың әділетті әрі дамыған мемлекетте өмір сүруіне жол ашады, мол мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, билік пен бұқара халықтың арасын жақындату, мәнді мәселелерді шешу, қоғамның тыныштығын сақтауда реформалардың жүргізілуі орынды. Өйткені қазіргі қоғамға өзгерістер ауадай қажет.
Қожайхан БИЖАНОВ,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.