Бала қауіпсіздігі – басты назарда

278 Views

Өткен аптада оқу жылының басталуына орай Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық прокуратураның прокуроры Арман Сұлтанов және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде білім бөліміне қарасты Құлан мектеп-гимназиясы және №2 шағын орталықты орта мектебі оқушыларын тасымалдау және мектеп айналасында кезекшілік ұйымдастыру барысы туралы білім бөлімінің басшысы Майра Базарова мен ювеналды полиция тобының аға инспекторы Досмұханбет Жанасов баяндама жасады. Сондай-ақ, күн тәртібінің үшінші мәселесінде алдыңғы комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты маман Тоқтар Мамырбаев атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Сонымен қатар, аталмыш жиында мектеп директорларына және мектеп инспекторларына, тиісті мемлекеттік мекемелерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, ұсыныс-пікірлер комиссия хатшылығының бақылауына алынды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: