АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Байзақ ауданындағы ұзындығы 21,7 шақырым болатын Сеңкібай каналын қалпына келтіруді «Құрылыс ТЭД» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мұнда үш құрылыс бригадасы жұмыс істеуде. Жоба жоспарына сәйкес каналды бетондау көзделген десек, бұл өз кезегінде су шығынын болдырмауға мүмкіндік береді. Облыс әкімі барлық жұмыстарды келесі вегетациялық кезең басталғанға дейін толығымен аяқтауды міндеттеді.
Шаруалар каналға жақын орналасқан тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар су өткізуге кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Аймақ басшысы аудан басшылығы мен «Қазсушар» РМК филиалына осы мәселені жан-жақты зерттеп, шара қабылдауды тапсырды.
Аталған мердігер компания Медеу, Айткүл, Сатыбалды магистралды каналдарын да қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Нұржан Нұржігітов ол жұмыстарды үш ай ішінде аяқтауды жүктеді.
– Қандай жағдай болмасын, жұмысты бір сәтке де тоқтатуға болмайды. Шаруалар қажет кезде судан тапшылық көрмеуі тиіс. Бұл шаралардың барлығы суармалы алқап көлемін, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін еселеуге бағытталған, – деді Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.