Алты жүз адам атсалысқан акция

319 Views

Сенбілікті дәстүрлі түрде өткізіп тұру экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген сөзді басты назарға алған аудандық атқарушы билік өкілдері аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы аясында сенбілік өткізілді.

Аудан әкімшілігінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және ауыл тұрғындары атсалысты. Ауыл көшелері мен аулаларды, елді мекендерді тазалау жұмыстарына 600-ден аса адам қатысты. Сенбілікке 15 ауылдық округтен жалпы саны 25 техника жұмылдырылып, жалпы 29 тоннаға жуық қоқыс қалдығы ауыл сыртына шығарылды.
Сенбілік аясында ауыл қоқыстан тазартылып қана қоймай, тұрғындардың бірі гүлзарларды тазалаумен айналысып жатса, бірі жас талдардың түптерін әктеп, алдын-алу, сақтық шараларын жүргізіп жатты.
Жалпы сенбілікті өткізу бүгінгі қазақ қоғамының басты міндетіне айналуы тиіс. Мұндай ұжымдық жұмыстар адамдардың тәрбиесі мен тәртібіне тікелей әсер ететіні де айдан анық. Әрі кез келген жердің тазалық көрсеткіші сол аумақ тұрғындарының мәдени деңгейін айғақтайды. Ендеше не тұрыс, ағайын?! Біз сіздерді келесі сенбілікте де белсенді болуға шақырамыз.

Балжан ЖЕҢІС.

Поделиться ссылкой: