Еңбек ардагерлері бас қосты

377 Views

Елімізде еңбек күнін тойлау 2013 жылдан бері жалғасып келеді. Атаулы мерекеге орай, жақында аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ілкімді іс-шара ұйымдастырды.
Оған аудан әкімінің орынбасары Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы бастаған ардагерлер қатысты. Аудан әкімінің орынбасарының сөзімен шымылдығы түрілген іс-шарада бір топ еңбек адамдары алғыс хатпен марапатталды. Марапат қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген еңбек ардагерлеріне табысталды.
Мерекелік концертке ұласқан іс-шара сахнасына ардагерлер тобы да шығып, құттықтау сөз сөйледі. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы Жаңа Қазақстанның жаңа еңбеккерлері жастар екендігін айта келіп, сөзінің соның бата берумен аяқтады. Ардагерлеріміз күні кеше еңбек шартына қол қойған жас мамандардың қолын алып, жаңа басталған еңбек жолдарына сәттілік тіледі. Шара соңында аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұстаздар мерекесімен барлық ұлық болған ұстаздарды құттықтады.

Балжан ЖЕҢІС.

Поделиться ссылкой: