Ардагерлер сайысқа түсті
Қарттар мерекесіне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырды. «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен өткен жарыста ардагерлер 5 спорт түрінен, яғни садақ ату, гір тасын көтеру, қол күрес, дартс және үстел теннисінен бақ сынады.
Бұқаралық іс-шараларды дамыту орталығында өткізілген жарыстың шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп, ашып берді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен ардагер ұстаз Бауыржан Намазбаев та жарысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады.
Жарыс өте тартысқа толы болды. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы алғыс хатпен бірге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ғазиза Асқар.
