Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан

513 Views

Сәрсенбі күні аудандық білім бөлімі Ұстаздар мерекесіне орай ілкімді шара ұйымдастырды. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараның тақырыбы «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» деп аталды. Жалпы, аудандық білім бөлімі қандай іс-шараны болса да, жоғары деңгейде ұйымдастырады. Бұл жолы да солай болды. Аудандық Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымы ұстаздық жайында арнайы көрініс қойды. Ол тіптен тамаша болды. Тамсандық. «Браво!» дестік.
Мерекелік іс-шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев ұстаздық деген мәртебелі қызметтік орны әрқашан да жоғары екенін тілге тиек етіп, ауданымызда білім саласында көптеген шаруалар атқарылып жатқандығын айтты. Одан кейін аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов те ақжарма тілегін білдіріп, ұстаздар хақында оябы бөлек сөз сөйледі. Кезек марапатқа да келді. Марапатталған білім қызметкерлерінің тізімі төмендегідей. Құлан мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Бесбаеваға Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Зал зор қошемет көрсетті. Ал Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әлімжан Айымбеков, аудандық балалар мен жасөс­пірімдер орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльзат Тілеубаева, Максим Горький атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Рапилбаева, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Тауасарова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Абдиева, Жамбыл атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нұрзият Кенжебекова облыс әкімдігі білім басқармасы­ның Құрмет грамотасымен марапаттал­ды. Тағы да зор ықылас. Осы сәтте жа­қында ғана «Үздік педагог» байқауы­ның аудандық кезеңінен алға озып шығып, облысқа жолдама еншілеген балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльзат Тілеубаеваға 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бұл жолы да ерекше құрмет. Осындай мерекелік іс-шараларға талай қатысып жүрміз. Бұндай қошемет аз көрсетіледі. Бұл бір мақтау я болмаса даттау емес, бұл адамның бір-біріне деген құрметі. Мына заманда өзіңді-өзің бағаламасаң, өзгесі келіп, сені жарылқамайтыны белгілі жайт қой.
Қош. Тағы да бар марапат. Тақы­рыптан ауытқымай, тізімді жалғас­тырайық ендеше. Өнер мектебінің қолөнер үйірмесінің жетекшісі Жанай Татаев, Юрий Гагарин атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Паранкүл Абдраймова, Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Иманалиева, Ақыртөбе орта мектебі­нің дене шынықтыру пәнінің мұға­лі­мі Тұрғын Рахметілдаев, аудандық білім бөлімінің кадр меңгерушісі Гүлвира Шапетова облыс әкімдігі білім басқармасының алғыс хаты­мен марапатталды. Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің тарих пә­нінің мұғалімі Гүлжайна Писпекбаева, Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектептің физика және география пәнінің мұғалімі Фариза Рахметова, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Жазира Қабылбекова, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтай Абдиров және Шолаққайыңды бастауыш мектебінің меңгерушісі Жанат Сейдалиеваға облыс әкімдігінің білім басқармасы мен «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерле­рінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғам­дық бірлестігінің бірлескен Құрмет грамотасы берілді.
Ал Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Калима Жаңабердиева, Болтай батыр атында­ғы шағын орталықты орта мектеп­тің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жайсанкүл Маткерімова, Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мек­тебінің фортепиано сыныбының жетекшісі Нина Байрак, Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектептің математика пәнінің мұғалімі Фатима Сағынбаева, №1 лицей-мектебінің психологы Ақтолқын Райымқұлова, Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Қалдыгүл Бегалтаева аудан әкімінің алғыс хатымен наградталса, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің көр­кем еңбек пәнінің мұғалімі Рысбүбі Еселбаева, Әлихан Бөкейханов атын­дағы орта мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Сейілжан Акимбеков, Ақтоған шағын орталықты орта мектебі директоры­ның құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аида Тұрманбетова, Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы Айнұр Қойлыбекова, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дәмет Әлпейісова, Абай атында­ғы шағын орталықты орта мектебінің психологы Гүлнара Өскенбаева, «Тәттімбүбі» бөбекжай-бақшасы­ның тәрбиешісі Гүлназ Айтжанова аудандық мәслихаттың алғыс хаты­мен марапатталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, ұлағатты ұстаздар құрметіне арнап «Жас қыран» квинтеті «Ұстазыма», Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Лескүл Жиенбетова атақты композитор Латиф Хамидидің «Бұлбұл» және Вольвганг Амадей Моцарттың «Керубина» ариясын орындады. «Аяна» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері «До-ре-ми» биін билесе, «Жас қанат» квартеті «Тәтті» әнін нақышына келтіре шыр­қады. Концерт Алина Тоқтағұлдың орындауындағы «Мерекем» әнімен қорытындыланды.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: