24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қазақтың Димашы
578 Views
Биыл аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына – 110 жыл толды. Осыған орай жақында текті тұлғаның есімін еншілеген ауылда, яғни Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйінде «Ғасырдың дара перзенті» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Аталмыш әдеби-сазды кешті Ә.Дадан мен Б.Құшақбай жүргізді. Б.Бекібаев қазақтың Димашы атанған дара болмысты қайраткердің адамгершілігі мен қызметтік жолы хақында бағдарлы баяндама жасады. Ауыл өнерпаздары Е.Бабасов, Г.Абдуанова, М.Дарибаев, М.Есеев, Р.Дарибанова, Б.Тәжиева, Ж.Жақсыбай өз өнерлерін көрсетіп, шараға қатысушылардың қошеметіне кенелді. Ауыл тұрғындарының қол өнер шеберлері мен кітап көрмесін А.Досхожаева мен кітапханашы Ж.Баягизова ұйымдастырды. Әдеби-сазды кеш соңында Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Әлихан Әмреев сөз сөйлеп, осы шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Балжан Қодасова мен жеке кәсіпкер Нұржігіт Тұражановқа алғысын білдірді.
М.Жолдасбекұлы.

