Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында 2022 жылдың 1-ші қазанынан бастап, желтоқсан айының 1-ші жұлдызына дейін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық ахуалды оңалту, оның ішінде заңсыз миграция фактілерінің көріністері мен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру;
Учаскелік полиция инспекторы өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлеріне, жеке үйлерді аралау барысында барлық мәліметті көрсетілген визиткалық карточкаларды тарату;
Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімінің профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері және азаматтық қарудың жеке иелерін тұрғылық жері бойынша тексеру;
Базарлар мен өзге де сауда орындарын тексеру, олардың тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау, сондай-ақ, бақылаусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерді тексеру;
Саяжай алқаптарын, кұрылыс объектілерін, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілерді, шатырды, жертөлелерді, кәріз құдықтарын және де өзге орындарды тексеру.
Елімізде болу қағидаларын бұзған, елден шығару туралы соттың шешімін орындамаған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған жұмыс берушілерді анықтау. Құқыққа қарсы бағытталған адамдар, оның ішінде радикалдық діни ағымдарға қатысты белгілері бар адамдар, олардың жиналатын және тұратын орындары туралы жан-жақты ақпарат жинау.
Аудандық полиция бөлімі.