Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
46 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман «Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгергенін тексеретін емтиханды неге тапсырмайды деген сұраққа жауап берді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу тәртібі кандидатурасы келесі өкілеттік мерзіміне ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды», – деп түсіндірді М.Ерман баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының ОСК Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы бойынша оған қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтаған болатын.