Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Талғат Файзоллаұлы Ерғалиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін.
2. Талғат Файзоллаұлы Ерғалиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
| Төраға | Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 13 қазан № 87/571