Тоғыз айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Серік Тұрысбекұлы Узбеков 2022 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2022 жылдың 9 айында 29 тұлғаға қатысты 40 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде үкім шығару арқылы 41 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалған.
Есепті кезеңде 388 тұлғаға қатысты 388 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 319 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 69-ы қысқартылған, оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 39 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 9 айында 490 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 262 іс бойынша шешім шығарылған. 89 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 54 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 74 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 68 азаматтық іс, 5 азаматтық іс бітімгершілік тәртібімен қысқартылған, соттылығы бойынша 6 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 35 мақала жарияланған, 10 «Дөңгелек үстел», 20 семинарлық сабақ, 3 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға м.а. С.Узбеков тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.