24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Дайрабаев Сыр еліне барды
563 Views
Жигули Дайрабаев Қызылорда қаласында күріш өсірушілермен кездесті. Көп суды қажет ететін шаруашылық түрін қуаңшылықтан сақтау шаралары сөз болды. «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына» барып, ғалымдарымен әңгімелесті. Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары: -Күріш суға толмай, мына топырақтың жағдайы болмайды,сапасы болмайды. Екінші мәселе — Арал проблемасы. Қызылорда өңірін экологиялық проблема мазалайды. Халық ол туралы бүгін кездесуде айтты. Сырдария ауданына да ат басын бұрып, үлгілі ауылдардың бірі «Нағи Ілиясов» тұрғындарымен кездесті. Бұл ауыл береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған. Жигули Дайрабаев пен оның партияластары жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысын көріп, жұртшылықты саяси бірлестіктің сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасымен таныстырды.

