Қарақат Әбден Алматы облысында Роза Бағлановаға арналған концертке қатысты

365 Views

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Алматы облысында «Astana Musical» мемлекеттік театры әртістерiнiң орындауындағы «Роза Бағланова» мюзиклiне қатысты.

«Сайлауалды сапарымның келесі нүктесі Алматы облысы болды. Оңтүстік өңірдің бас қаласына келген бойда, күтпеген жерден әдемі тосынсыйға тап болдым. Дәл кеше «Astana Musical» мемлекеттік театры әртістерiнiң орындауындағы «Роза Бағланова» мюзиклiне шақыру алдым.

Қазақстан мен КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы аты аңызға айналған Роза Бағланованың 100-жылдық мерейтойына арналған музыкалық қойылым өте тамаша өтті», – деп жазды кандидат Facebook парақшасында.

Қарақат Әбден сөзін жалғай отырып, концертке қысқаша тоқталып өтті.

«Роза Бағланова – қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан алып тұлға. Күміскөмей әнші 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.

Мюзиклде көрініс тапқан әншінің балалық, жастық шағы мен сұрапыл соғыс кезіндегі өнер жолы көрерменді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз», – дейді ол.

 

Поделиться ссылкой: