Кітапхана – руханият ордасы

547 Views

Кітап – таңғажайып тұнық әлем. Оған бір енсеңіз, шығуыңыз екіталай. Сондықтан да оны қадірлеу әрі қастерлеу – ортақ міндетіміз. Кітаппен бірге біз кітапханашы мамандығын да аса құрмет тұтуымыз қажет. Себебі, кітапханашы ерекше әрі көне мамандықтың бір түрі.

24 қазан – Кітапханашылар күні. Бұл жуырда ғана Үкіметтің шешімімен белгіленген ресми мереке. Аталмыш мереке ауданымызда да ерекше серпіліспен аталып өтті. Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен шарапаты мол шараға Мереке Айнақұлов басқаратын аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлерімен бірге құрметті қонақ ретінде аудандық мәслихаттың хатшысы Ербол Әбутәліпов те қатысты.
Шара барысында әндер айтылып, жыр шумақтары оқылды. «Үздік» деп танылған кітапханашылар арнайы марапатталып, оларға құрмет көрсетіледі.

Ж.Базылбек.

Поделиться ссылкой: