Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығы кезекті рет ілкімді фестиваль ұйымдастырды. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ел арасында кеңінен насихаттап, халық театрларының шеберлігін шыңдауға бағытталған өнер бәйгесі «Театр – өмір айнасы» деген тақырыпта өрбіді. М.Әуезовтің 125 жылдығын атап өту, халық театрларының қойылымы арқылы оның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, халық театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласынан 12 халық театр ұжымдары қатысты.
Шараға мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысып, өнерпаздарға жылы лебізін арнады.
Халық театрларының өнерін ҚР еңбек сіңірген артисі, қазылар алқасының төрағасы А.Сейілханов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Н.Абдуллаев, Жамбыл облысы халық театрлар одағының төрайымы Э.Асылбекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Ізбасаров және А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының труппа меңгерушісі Б.Көпжасаров бағалады.
Екі күнге созылған фестиваль нәтижесінде Тұрар Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымы жүлделі 1 орын мен ақшалай 150 000 теңгені қанжығасына байлады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.