Жемқорлық – жегі құрт

252 Views

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Бұл мәселенің Қазақстанның дамуына үлкен әлеуметтік қасірет тигізетіні мәлім. Бұл әлеуметтік қасірет тек Қазақстанды ғана емес, басқа да мемлекеттердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Рим құқығында «corrumpire» түсінік болған. Ол жалпы сөзбен айтқанда, «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс — әрекетті білдірген. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қатаң түрде жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығы (2019 жылғы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы) жарияланды. Аталған баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары көрсетілген. Қазақстан Республикасының әр азаматы Конституциялық тәртіптерді, өз мүдделерін, өз намысын, жерін қорғай білсе, оның Отанға деген махаббаты, еліне деген сүйіспеншілігі болса мұндай бұзушылықтар болмас еді. Кез келген адам сыбайлас жемқорлықпен күресуі керек. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.

Р.Коңратбаев,
Т.Рысқұлов аудандық
қазынашылық басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: