Өмірдің өзі театр

1 227 Views

Өмірдің өзі театр

Театр, театр, театр,

Жанға жай, ғажайып жұмақтай.

Театр, театр, театр,

Қоймайды қуантпай, жылатпай…

Өнер әлеміндегі “театр” ұғымының мен үшін орны

ерекше. Себебі, театр қателікті кешпейді. Театр кейде микрофонды да қажет етпейді. Театр қайталауды ұнатпайды. Ол көркем шығармаға жан бітіріп, жарыққа шығарады. Кейде жылатып, кейде күлдіре отырып, өмірдің шындығын бір сәтте-ақ көз алдыңызда бейнелейді. Бір сәт күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, өзге бір әлемнің куәсі болғандай күй кешесіз. Міне, театр өнері сонысымен құрметті, сонысымен көркем…

Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойына орай жуырда аудандық мәдениет үйінде Б.Битанов атындағы халықтық театр Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет» драмасын қойған болатын.  Шығармада өмірдің шындығы, сүйген жарға деген махаббат, ананың балаға, азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі, елге, жерге деген құрмет суреттеледі. Соғыстан қашып келіп, елге ұрлыққа түскен күйеуіне «Отанын сатқан опа сыздың өз еліне жау боларын білмеппін-ау» деп, қолына қару алып ұмтылған ибалы келін бейнесін автор ерекше суреттеген. Қашқын Смайыл, қатал тергеуші, қамқор ана, ақылгөй ақсақал, барын көре алмайтын, жоғын бере алмайтын ағайын-абысынның рөлін жеткілікті дәрежеде ойнап шыққан театр актёрлары да көрерменге оқиғаны барынша түсінікті етіп жеткізе алды деген сенімдеміз. Халықтың театдың алға қойған жоспары көп. Алдағы уақыттарда әлі талай қойылымның куәсі боламыз деген үмітіміз бар.

Салтанат Қарасаева. 

Поделиться ссылкой: