Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қазақтың қарымды журналист-жазушысы Әзілхан Нұршайықов «Журналист көреген халық. Аспандағы бүркіт жердегі құмырсқаны көрсе, журналистер жұрт жүрегінің әр лүпілін сезеді. Сезеді де, жарыққа шығарып, жария етеді» деп жазыпты өз күнделігінде. Әзағаңның осынау сөзінен қуат алған «құлантаңдықтар» газет оқырмандарының ой-пікірлерін ескере отырып, басылым бетінде жаңа айдар ашып отыр. «Фотоайғақ» деп аталатын бұл айдарымызда аудан аумағындағы дүкендерде ілінген мағынасы жоқ жөнсіз жарнамаларды, қате жазылған көше атаулары мен ауылдық-елдімекендерде бейберекетсіз шашылып жатқан қоқыстарды таспаға түсіріп, оны дәйекті мысалдар арқылы баспасөз бетінде жариялауды жөн санап отырмыз.
Көкдөнен ауылында Мәди Әкешеұлы Ильясов деген көше бар. Дегенмен, мына суреттен көріп отырғандарыңыздай, көше атауы «Мәди Әкеше ұлы» деп жазылған. Дұрысы, «Әкешеұлы» болса керек-ті. Алғаш көргенде қазақы қалыпқа салып, тақтайшада жазылған орфографиялық қатені реттейтін шығар деген едік. Алайда, ауыл әкімдігі қатені түзетуге құлықсыз секілді. Өйткені, Мәди Әкешеұлына берілген көше атауы әлі де болса «Әкеше ұлы» болып жазулы тұр.
Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.