Жеңіс туы желбіресін!
83 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Бұгінде мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтарға жол беруінің көптеген себептері бар. Осыған байланысты әр бөлімнің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың шеңберінде тиісті іс-шараларды, бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалуы бойынша бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинарларды жүйелі түрде жүргізеді. Сонымен қатар «жедел желі» мен азаматтардың өтініштері үшін арнайы жәшік бар. Бөлімнің әрбір қызметкері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін және басқа да заңдарды білуі тиіс. Сонымен қатар, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң алдында тең.
Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресу тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы оны өзінің парызы деп санауы керек.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.