Байытылған ұн – халық денсаулығының кепілі

454 Views

Фортификация – өнімді адам денсаулығы үшін қажетті дәрумен­дермен және минералдармен байыту процесі. ДДСҰ деректеріне сәйкес денсаулық сақтау бойынша іс-шара­лардың 15% — ы ғана Денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлт денсаулығы 70%-ға өмір салтына, бірінші кезекте тиімді тамақ­тануға байланысты.
Витаминдер мен минералдар қорек­тік заттар жетіспеушілігінің, соның ішінде темір тапшылығы анемия­сының, бірқатар аурулар мен туа біткен кемістіктердің алдын алуға ықпал етеді. Оларды қалпына келтірудің ең дұрыс тәсілі – тамақты, оның ішінде ұнды витаминдермен және микроэлементтермен байыту болып табылады. Ұн – бұл фортификация үшін өте ыңғайлы өнім, өйткені ол жаппай тамақ өнімдерінің қатарына кіреді және ұннан жасалған өнімдер емес, нақты ұнды фортификациялау тұтынушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 111-бабына сәйкес темір тапшылығы жағдайларының алдын алу бойынша талаптар регламенттеледі, онда белгілі бір сұрыпты ұнды микроэлементтермен және витаминдермен міндетті түрде байыту көзделген:
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытылуға (фортификациялануға) жатады.
Қазақстанда ұнды фортификациялау үшін халықтың қажеттілігін, климат­тық, географиялық және басқа фак­тор­ларды ескере отырып, Қазақ тағам­тану академиясымен арнайы әзірленген және сыналған дәрумендер мен минералдардың қоспасы (пре­микс) пайдаланылады. Ұн тарту кәсіп­орындарында жоғары және бірінші сұрып­тағы ұнды өндірудің соңғы кезеңінде дозатордың көмегімен бір тоннаға 150 грамм есебінен премикс қосы­лады. Содан кейін арнайы құрылғы дайын өнімнің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін барлық дәрумендерді мұқият аралас­тырады.
Темірмен байытылған ұнды тұтыну организмдегі темір мөлшерінің артуы­на әкелмейді. Керісінше, мұндай ұнды қолданудың әсері бірден пайда бол­майды. Гемоглобин деңгейі қалпына келуі үшін байытылған ұн мен нанды үнемі тұтыну қажет.
Т.Рысқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өнім қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде са­тып алуды жүргізу барысында форти­фи­кацияланған ұнның сынамасы алы­нып, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі анықталды.

А.Әміржанқызы,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы.

Поделиться ссылкой: