Неке және отбасы

248 Views

Неке дегеніміз – жауапкершілікті қажет ететін адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Өкінішке орай, дәл қазіргі таңда жастарымыздың кейбірі некенің нәзік әрі нағыз таза сезімдерден құрал­ған, сүйіспеншілік, сый-құрмет, адалдық пен жауапкершіліктен тұратынын аңғара бермейді.
Отбасын құру үлкен жауапкерші­лікті жүктейді. Сондықтан болар, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтылмаса керек. Ешқандай адам некелесуге жа­ман болсын деген ниетпен бармайды. Жұбайлық өмірден адамдардың бәрі жақсылық күтеді.
Бүгінгі қоғамда отау құрып, ажырасып жататындар өте көп. Оған соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы талап арыздарының сотта көп қаралуы айқын дәлел. Жастар некеге жеңіл қарайды. Жауапкершілікті ұғынбайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Аталған «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық дауларды шешу және татуластыру, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау, неке бұзу санатындағы істердің санын азайтып, отбасын сақтап қалу.
Айта кету қажет, 2019 жылғы 29 қарашадағы аудан әкімінің № 434 қаулысымен отбасы мәселелері бойын­ша арнайы топ құрылып, бұл топпен аудандық сот тығыз бай­ла­ныста жұмыс атқаруда.
Отбасылық сот – судья мен психологтың, билер кеңесінің төрағасының бірлескен жұмысынан тұрады.
Жоба қоғамдағы ажырасуды азайту, дау-дамайлардың мөлшерін қыс­қар­тып, отбасы институтын сақтап, одан әрі дамытуға бағытталған. Осы мақсатта жоба аясында қаралатын істердің басым көпшілігін татуластырумен аяқтауға жұмыс жүргізілуде және ол өзінің тиімділігін көрсетеді деп сенеміз.

Ұ.АҚпанова,
аудандық соттың бас маманы.

Поделиться ссылкой: