53 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

316 Views

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі­нің «Халықты жұмыспен қамту орта­лығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 225 азаматты жұмыспен қамтудың белсен­ді шараларына тартты. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 53 азамат, уақытша жұмыс орындарына – 52 (ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 43, жастар тәжірибесіне – 3, әлеуметтік жұмыс орындарына – 6 азамат, қысқа мерзімді оқуға – 3 азамат, «Бастау бизнес» оқуына 90 азамат жіберілді. Ал 16 азамат арнай граннттың иегері атанды. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № 127 қаулысына байланысты мүгедектігі бар 11 адам жұмысқа орналасты.

Н.Жамалбеков,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

Поделиться ссылкой: