Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Тақырыпқа арқау болған түркі халқының ұлы ақыны Әлішер Науаидің дәл осы сөзі кітаптың жаны жоқ, дегенмен шынайы адал дос дегенге сайып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында «2021-2025 жылдар аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруды жүктеген еді. Бүгінде Президент тапсырмасын орындау мақсатында білім ошақтарында көптеген шаралар өткізілуде. Жуырда соның бірі Құлан мектеп-гимназиясында өткізілді. Мектеп кітапханашысы Босмойынова Құралайдың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-9 сыныптар арасында «Менің кітабым – менің әлемім» деп аталатын тәлімі мен тәрбиесі мол сайыс өтті. Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан, жеке кәсіпкер Жамашова Гүлнар, жеке кәсіпкер Қаршағанова Берікгүл төрелік етті.
Сайыстың алға қойған мақсаты – балалар мен жас буынның оқу құзіреттілігін дамыту. Сайыс барысында Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы», Мұхтар Әуезовтің «Көксерегі», Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасы», Төлен Әбдіктің «Оң қолы» және Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдары» сахналанды. Мектептің акт залына жиналған көрермендер дән риза болып, қошеметін аяған жоқ.
Балжан Жеңіс.