ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ҮЗІЛСЕ…

312 Views

Қазір көп адам қайыр мен берекенің көбі туыстық қатынаста жатқанын ұмытып жатқандай көрінеді. Негізінде, туыстық қатынастың астарында көп сыр жатыр.

Ісіміздің оңалуы, қызметімізді берекелі болуы, жүрегіміздің бай болуы, бәрі де, осы туыстықты сақтау­мен байланысты. «Туыстық қатынас» дегенді шариғат тілінде «рахм» деп атайды. Ана құрсағы да араб тілінде «рахм» деп аталады.
Енді бұл туралы Алла Тағала былай дейді: «Мен Алламын! Мен Рахманмын! Мен туыстық қатынасты жараттым. Оны өз көркем есімімімен атадым (Рахым деп). Сол туыстық қаты­насты кім мықтап байласа, оған рақымым да байланады. Ал кімде-кім оны үзсе, одан менің рақымым да үзіледі».
Байқадыңыз ба, бұл мәселенің қай­да барып тіреліп тұрғанын? Туыстық байланыс Алланың шексіз рақы­мына тікелей байланып тұр.
Олай болса, өмірінен береке күткен адам тез арада туыстарын түгендеп, тығыз байланысқа көшкені абзал!

Асылбек Әуезханұлы.

Поделиться ссылкой: