Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жуырда аудандық сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Бұл заң бұзушылық 2022 жылдың 1 желтоқсанында салық органдарының тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған. Яғни, орталық базардағы дүкендердің бірінде Д. есімді азамат алкоголь өнімдерін саудалау үшін лицензияның міндетті түрде болуы керектігін білсе де, заңсыз кәсіпкерлік іспен айналысқан. Сондай-ақ, тексеру кезінде аталмыш азаматтың жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені де белгілі болды.
Сот мәжілісінде құқық бұзушы жасаған кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін, оның отбасылық және материалдық жағдайын ескеріп, соттан қатаң жазаламауын сұраған. Осыған сәйкес, сот қаулысымен құқық бұзушыға әкімшілік жаза ретінде оған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және құралы тәркiленіп, 45 945 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
«Құлан таңы» ақпарат.