Мамандығым – мақтанышым
Заман талабына сай қазіргі таңда ғылым түрлері үш негізгі факторға бөлінеді. Жіктеп айтатын болсақ:
Ең бірінші, жаратылыстану ғылымдары – табиғи құбылыстар, объектілер мен процестер туралы ғылым болып танылады. Көп жағдайда жаратылыстану ғылымдары табиғат пен адам туралы тәжірибе мен білімнің жинақталуына жауап береді.
Екінші, техникалық ғылымдар – техника мен технологияларды дамытуға, сондай-ақ, жаратылыстану ғылымдары жинақтаған білімді практикада қолдануға жауапты ғылым саласы.
Үшінші, гуманитарлық ғылымдар – адам, қоғам туралы таным беретін сала. Осы ретте құқық туралы нақты анықтамалар келтірмесек те, оның маңызы мен сипатын және не себепті гуманитарлық ғылым ретінде танылғанын анықтасақ. Ғылымды меңгеру ұзақ уақытты әрі шыдамдылық пен тәжірибені қажет ететін күш. Сол себепті ең бірінші ұрпақтың білімін ойлаған маңызды.
Ата-аналардың пікірінше, мұғалімнің беделі шеберлікпен, адами қасиеттермен, қарым-қатынас стилімен және оқушылардың білім нәтижелерімен анықталады. Өте дұрыс таным. Себебі, мұғалімнің бүкіл педагогикалық мансабында оқу қабілеті өте маңызды. Тек білімді болу ғана барлық жетістікке апаратын жол болмақ.
Ең бірінші, қоғамдағы «қозғалтқыш», әлеуметтік прогрестің катализаторы ретіндегі рөл. Жас ұрпақты тәрбиелей отырып, жаңа және прогрессивті өндіріс технологиясына ие. Қоғамның жан-жақты өміріндегі барлық нәрсені тез түсінетін адамдардың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосу.
Екіншіден, жас ұрпақ арқылы қоғамның тарихи өткені мен оның келешек болашағының арасындағы ажырамас тізбектегі сабақтастық буынын құрайтын кәсіпқой маман болу.
Білім саласындағы жетістіктерін ұрпағына мұра ретінде қалдырған ғалымдардың жолымен саналы ұрпақ тәрбиесіне көп үлес қосатын ұстаздар еңбегін айтқан орынды.
Үшіншіден, әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын «қуаттағыш» ретінде сынап көру қасиеті саналады. Осы рөлде әртүрлі әлеуметтік құндылықтардың сақтаушысы және тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін нағыз мамандар да жеткілікті.
Төртіншіден, қоғам мәдениетін және қатынастар тәжірибесіне қол жеткізілген адамдардың мінез-құлқын бағалайтын маман болу көптің қолынан келе бермесе де тырысатын жандар өте көп. Осы жолда:
• Заманауи;
• Өзіндік бағыты бар;
• Үш тілді еркін сөйлей алатын жаңа заман ұстазы болу – нағыз мамандарды даярлайтын ұстаздардың мақсаты болуы керек.
Мониторингтік сипаттамаға сай көрсеткіш деңгейі:
• Аналитик мамандарды даярлау;
• Екі жақты байланыс орнату ғана емес, экономист ретінде маман болуға үйрету;
• Тәжірибелік жұмыстардың көптігі;
• Ыңғайлы кесте мен жақсы қарым-қатынас.
Міне, жоғарыда аталғандардың барлығы тікелей білікті маман, қадірлі ұстаз атануға алып келетін құрметті жол. Өйткені, заманның сұранысы күн санап өзгеріп келеді. Қазір оқушыларды қатып қалған тәжірибемен оқыту қызықсыз. Сәйкесінше, олардың оқуға деген бар ынта мен жігерін тез құртып алуға болады. Ал біздің мақсатымыз – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда, мамандығымның әсіресе география пән мұғалімі асыл мамандық екенін ұғынамын. Өйткені, дәл осы сала қажетті білім береді, балаларды әртүрлі ғылымдар әлемімен таныстырады, өмірлік жағдайларда өзін дұрыс ұстауға үйретеді, ең бастысы – адам болып қалуға жетелейді. Балаларды белгілі бір тәртіп арқылы аспан ғылымына баулуға тырысамын. Олардың аспан әлемі, жұлдыздар, тіпті сыртқы қоршаған ортаға махаббатын ояту үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын. Табыстың негізгі факторы – адам табиғатын білуге, оқытуда инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдануға, ғылыми-зерттеу қызметіне, жауапкершілік пен бастамаға негізделген кәсіби және ақпараттық Құзыретті мұғалімнің қызметі.
Жер ғылымын білмей адамнан тұлға жасап шығару өте қиын. Себебі, біздің тұтастай бір болмысымыз осы ғылымға байлаулы. География пәні өте жақсы және ұлы ойлар мен сезімдерді тудырады. Мектеп географиясының тұлғаның дамуына қосқан үлесі қоршаған әлемді ғылыми қабылдаумен, географиялық мәселелерді шеше білумен, табиғатта экологиялық мақсатқа сай әрекет ете білумен, географиялық карталарды, анықтамалықтарды қолдана білумен, бақылаулар жүргізумен анықталады.
Оқушылардың географиялық білімдерін жинақтау үшін заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін дұрыс таңдау қажет.
Сабақты ұйымдастыра отырып, мен әр оқушы өзін ақылды, білімді, алғыр сезінуі үшін сабақтарымда ғылымға қатысты түрлі қызықты методикаларды пайдаланамын. Кез келген оқушы бір дарын иесі екенін білуі – мен үшін маңызға ие. Өйткені табысты болу – жеке тұлғаның қалыптасуының басты шарты.
Ұстаздың міндеті білім беріп, үй тапсырмасын сұрап, бағалау ғана емес. Керісінше, ұстаздың міндетіне алуан түрлі қызмет кіреді. Бес саусақ бірдей емес қой. Алдыңа 25-30 оқушы келсе, әрқайсысының жүрегінен, көңілінен орын таба білу – шеберлік. Ал шеберлікті шыңдайтын құрал – мамандыққа деген шексіз махаббат пен ізденімпаздық. Осы қағидаттарды берік ұстанса, кез келген ұстаз өз саласының озық ойлы маманы атана алады.
Б. Тілеуғабылов,
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің география
пәнінің мұғалімі.