Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Т.Рысқұлов аудан аумағында маңызы бар автокөлік жолдардың ұзындығы жалпы – 673,43 шақырымды құрайды. Оның ішінде 96 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, облыстық маңызы бар жолдар – 100 шақырым, аудандық маңызы бар – 100,03 шақырым, елді мекен мен көше жолдары – 377,4 шақырымды құрайды.
Бүгінгі күнде автокөліксіз заманауи өмірді елестету мүмкін емес. Шет елдерден әкелінетін қолданыста болған және елімізде шығарылатын автокөліктер саны күн сайын артып келеді. Бірақ өкінішке орай, сәйкесінше жол көлік оқиғасының саны да артып келеді. Жүргізушілердің кінәсінен болатын жол көлік оқиғалары барлық апаттардың көп бөлігін құрайды. Оқиға саны да артып келеді. Көлік жүргізушілердің жол ережелерін толық сақтамауынан, қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамайтындықтан жолдарда мерт болғандардың және жараланғандардың саны ұлғаюда.
Жалпы, жол көлік оқиғаларының саны – 104 (2021 ж. 105) – 1,0% төмендеген, қаза болғандар – 26 (2021 ж.17) +52,9% өскен, жарақат алғандар – 199 (2021 ж. 193) +3,1% өскен.
Жолдардың маңыздығы бойынша: Республикалық маңыздағы автожолдарда жол көлік оқиғаларының саны – 57 (2021 ж. 51) +11,8 % өскен, қаза болғандар – 21 (2021 ж. 13) +61,5 % өскен, жарақат алғандар – 123 (2021 ж. 115) +7,0 % өскен.
Жергілікті маңыздағы автожолдарда жол көлік оқиғаларының саны – 14 (2021 ж. 13) +7,7 % өскен, қаза болғандар – 3 (2021 ж. 1) +200,0 % өскен, жарақат алғандар 25 (2021 ж. 22) +13,6 % өскен.
Елді мекендердегі көше-жол желісінде жол көлік оқиғаларының саны – 33 (2021 ж. 40) – 25,0% төмендеген, қаза болғандар – 2 (2021 ж.3) – 33,3 % төмендеген, жарақат алғандар – 51 (2021 ж. 56) – 8,9 % төмендеген.
Жол көлік оқиғаларына талдау жасау сәт сайын жүргізіліп келеді. ЖКО түріне келетін болсақ, жаяу жүргіншіні қағып кетуі – 23, аударылғандар – 28, тұрған көлікке соқтығысу – 2, бүйірден соқтығысу – 7, бір бағытта соқтығысу – 22, басқа себептермен – 4, соқтығысу – 6, басқа жерге соқтығысу – 10, мал жануарына соқтығысу – 2, жылдамдықты асыру – 64, маневр жасау – 11, ЖҚЕ өрескел бұзған – 12, қашықтықты сақтамау – 13, алкогольдік ішімдігін ішіп басқару – 4.
Әрине, бұл жұмыстар осымен тоқталмайды. Алайда күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды.