Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
50 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Өңірімізде ауа-райының қолайсыздығына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты аудан әкімі Ернар Есіркепов және аудан әкімінің орынбасарлары әлеуметтік нысандардағы жылыту қазандықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы ауданда 160 әлеуметтік нысан бар болса, оның 109-ы табиғи газбен, 48-і қатты отынмен және 1 нысан мазутпен жылытылады. Зерделеу жұмыстары барысында жылыту қазандықтарының үздіксіз жұмыс істеуі, оған жауапты қызметкердің біліктілігі мен қауіпсіздік ережелерінің сақталу барысы қаралды. Қазіргі таңда барлық әлеуметтік нысандарға жылу штаттық режимде беріліп тұр.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.