SMS: жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейтіледі

257 Views

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 12 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға SMS-хабарламалар жолдайтын болады. Онда азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабарланбақ. Мамандардың айтуы бойынша бұл баянды бастама жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуге өз септігін тигізетін болады. Бұл туралы жуырда ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов аталмыш министрліктің сайтында ресми түрде хабарлады.
– Жалпы, еліміздің әрбір азаматы «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады», – дейді

Асқар Ниязов.
Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: