Өзекті мәселелер талқыланды

386 Views

Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық прокуратураның бастамасымен мал ұрлығы, алаяқтық және жол көлік оқиғасы қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы өзекті мәселелерге қатысты құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мекемеаралық жиналыс өтті. Жиын аудан прокурорының орынбасары Шыңғысхан Сайлаубекұлының және аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің төрағалығымен өтіп, оған ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Соның бірі – аудандағы қылмыстық жағдай мен проблемалық мәселелер. Бұл жөнінде жиында аудандық прокуратураның аға прокуроры Ербол Жолдасов баяндаса, аудандағы қылмыстық жағдай және олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Шалқар Дәулетқұлов кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, жиында мал ұрлығына қатысты профилактикалық іс-шаралар мен оның жолын кесу бағытындағы ұсыныстарды аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов жеткізсе, жол-көлік оқиғаларын алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев оябы бөлек баяндама жасады.
Жиын барысында интернет-алаяқтықтың соңғы түрлері туралы «Халық банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалы Т.Рысқұлов аудандық басқармасының бастығы Күлпаш Тұржанова баян етті. Қаржы ұйымының өкілі жиынға қатысушыларға интернет желілері арқылы жасалатын заманауи алаяқтықтың жасалу тәсілдерін және құрбаны болмаудың жолын айқындап берді.
Жиында мал ұрлығының алдын алу бағытында атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар да кеңінен сөз болды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: