Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
2022 жылдың желтоқсан айында облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2,3 млрд теңгеден астам аударым мен жарна аударылған.
«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Жамбыл облысының тұрғындары 50,9 млрд.теңге аударды. Оның ішінде 31 млрд. теңге (60,9%) – жұмыс берушілердің аударымдары болса, 19,9 млрд. теңге (39,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналарына тиесілі», – деп хабарлады » ӘМСҚ » КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова.
Аудандар бөлінісінде ең көп аударым Тараз қаласынан, Қордай және Шу аудандарынан түсіп жатыр.
МӘМС үшін түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы.