Жас түлектер назарына!

293 Views

Құрметті, жас түлек! Егерде сіз болашағыңызды құқық қорғау саласымен тығыз байланыстырғыңыз келсе, бізде сізге деген керемет ұсыныс бар. Біз сізді еліміздің «үздік» деген академияларында білім алуға шақырамыз. Яғни, ағымдағы жылы ҚР ІІМ Қарағанды, Қостанай және Алматы академияларына оқуға қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Академияларда сіз білім ала отырып, тегін жатақханамен, ыстық тамақпен, шәкіртақымен және медициналық көмекпен қамтылатын боласыз. Академиялардың күндізгі оқу нысанына жалпы орта білімі бар, он алты жасқа толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы мен дене бітімі дамыған, білім деңгейі жоғары, өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті мектеп және колледж түлектері құжат тапсыра алады. Академия түлектеріне «полиция лейтенанты» шені беріледі және олар Ішкі істер органдарына офицерлік лауазымдарға жұмысқа орналастырылады.
Қосымша ақпаратты аудандық поли­ция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы, полиция лейтенанты Арысбек Ильяс Даулетұлынан білуге болады. Байланыс телефоны: 87758701509.

Поделиться ссылкой: