ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
57 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
14 наурыз – қандай күн екенін біз айтпай-ақ біліп отырған оқырмандарымыз бар. Мен оған шек келтірмеймін. Десе де, жазып өткен абзал. 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-біріне амандасып, жақсылық тілейді. Амал мерекесінде көрші-қолаң, дос-жаран, ағайын-туыс, бас араздықты, өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне ілтипат көрсетеді. Адам болған соң бәрі болады. Тіпті кейде «қатты кетіп» жатамыз. Бұның бәрі айналып келгенде пендешілік. Көрісу күнінде жұрт соның бәрін ұмытып, бір-бірімен төс қағыстырып, деннің саулығы мен елдің тыныштығын тілейді.
Амал мерекесінде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрдос Базарқұлов бастаған аталмыш мәдениет ошағының көркемөнерпаздары «Қош келдің, Амал мекересі!» атты көпшілік мерекелік серуен ұйымдастырып, аудандық білім бөліміне, «Ақ босаға» сауда дүкеніне бас сұғып, сонда жұмыс жасайтын еңбек адамдарын Амал мерекесімен құттықтап шықты. Әсіресе, «Халық банк» акционерлік қоғамының Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің маңына келген сәтте, «пенсия» алып жатқан жұртшылық аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары салған халық әндерін бірге шырқап, емен-жарқын амандасып, бір жасап қалды.
Марат Жолдасбекұлы.