100-ге жуық адам Әнұранды шырқады
26 ViewsАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны, Еліме қарашы. Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой. Қайырмасы: Менің елім,…
Қазіргі заманда өнім түрі де, мөлшері мен олардың сорттарының саны да өте көп.Олардың арасынан керегін іздеу, тұтынушыға оңай тимесі анық.
Алайда, қарапайым тұтынушыға сапалы және пайдалы өнімдерді таңдауды үйрену әбден мүмкін.Ол үшін таңбалау қолданылатын өнімнің жапсырмасын оқи білу керек.Таңбалау тамақ өнімдері туралы ақпаратты қамтиды және жазулар, суреттер, белгілер, рәміздер, өзге де белгілер түрінде жазылады.
Тұтынушылардың тамақ өнімдері туралы дұрыс ақпаратқа құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысты тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен «Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде» Кеден одағының техникалық регламенті әзірленді және бекітілді.
Осы Кеден одағының техникалық регламентінде тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде қойылатын талаптар белгіленген. Тамақ өнімдерінің таңбалауында өнімнің атауы және оны өндіруші, құрамы, саны, дайындалған күні, тамақ өнімдерін сақтау шарттары болуы тиіс. Бұдан басқа, құнарлығы, ақуыз, майлар және көмірсулардың мөлшері, жарамдылық мерзімі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі «ЕАС» көрсетілуі керек.
Қажетті ақпарат міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс. Бұл азық-түлікті таңбалаудың маңызды міндеттері. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін таңбалануы түсінікті, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды адастырмауы қажет.
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мақсатында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылғы мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің 1869 сынамалары алынды, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 910 сынамасы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді. 870 сынаманың сәйкес еместік негізгі түрлері өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы болып табылады, бұл сәйкессіздіктердің жалпы санының 95% құрайды, бұл жерде жарамдылық мерзімдерін, өнімді өндіру күнін, сақтау шарттарын көрсетпеу, тағамдық және энергетикалық құндылығы туралы ақпараттың, мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы болып табылады.
Өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында таңбалау бөлігінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес емес сынамалар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдары бар хабарламалар жолданды.
Өнім қауіпсіздігін мониторингілеу барысында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 175 ұйғарым берілді,кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс 4 тексеру жүргізіліп, тексеру қорытындысы бойынша 612 600 теңге сомасына 4 әкімшілік айыппұл салынды, 1 819 495 теңге сомасына 939,26 кг сәйкес келмейтін өнім сатудан алынды.
Бұдан басқа, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалаудан өткен таңбалау ережелеріне сәйкес келмейтін өнімдер анықталған фактісі туралы материалдар Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттеріне хаттар жіберіліп, нәтижесінде тіркелген сәйкестік туралы 5 декларацияның қолданылуы тоқтатылды.
Б.С. Шиналиев,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депарментінің басшысы.