Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Жомарт түлек» жобасы аясында патриоттық рухты нығайтуға ықпал ететін игі шара Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектебінің базасында мектеп директоры Жомарт Әлішер Ардақұлының басшылығымен ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған игі шараға мектептің 20 жылдық түлегі, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сәулет Бейсенбай келіп қатысты.
Кездесу барысында мектеп түлегі Сәулет Бейсенбай мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларынан үзінді келтіріп, биік мақсаттарға жету үшін білімді, тәрбиелі, өмір жолында әр түрлі қиындықтар болатынын, бірақ соларды жеңе білу әркімнің өзіне байланысты екенін оқушыларға айтты. Сондай-ақ, әр оқушыға болашақ армандарын жазып жүру үшін естелікке кітапшалар мен қаламсаптар табыс етіп, осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мектеп ұжымына алғыс білдірді. Сондай-ақ, Сәулет Бейсенбай жеке өз демеушілігімен 50 мың теңгеге 10 түп шырша көшетін мектеп ауласына отырғызды және мектептің 6-сынып оқушыларын (15 оқушы) арнайы автобуспен қамтамасыз етіп, аудан аумағында орналасқан тарихи- мәдени («Дулат баба» кесенесі, аудандық орталық музей, Құлан қалашығы) орындарға 1 күндік саяхат жасау шарасын ұйымдастырып, балаларға тәтті тағамдар мен балмұздақтар тарту етті.
– Патриоттық сезімнің үздік үлгісі – туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне, әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі, өзі білім нәрімен сусындаған білім ордасы мен ондағы ұлағатты ұстаздарға деген құрмет көрсетуі деп білемін. Түлектердің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан осындай түлектердің жомарттығы оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады деп сенемін, – деді мектеп директоры Әлішер Ардақұлы өз сөзінде.
Кеш соңында мектеп оқушылары патриоттық әндер орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Г.Қораласбаева,
№2 шағын орталықты орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.