Құмарықтағы – ауқымды іс-шара

233 Views

Жақында Болтай батыр атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында жасұландықтар «Өскен өңір» атты көгалдандыру акциясына қатысып, мектеп ауласына 21 түп шырша, 60 түп раушан гүлдерін отырғызды. «Мектепке тағзым!», «Туған жерге тағзым!», «Жомарт түлек!», жобалары аясында 20-30-40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің арқасында Болтай батыр бьюсті, «Мерей» шағын орталықтың кішкентай бүлдіршіндеріне арналған ойын алаңы, аллеялар, алма бағы, мектеп жиһаздары сыйға тартылды. Бүгінде Болтай батыр атындағы орта мектептің 50 жылдық жомарт түлектерінің бастауымен мектеп ауласына ағаштар отырғызылып, 40 жылдық түлектер де оған атсалысып, өз аттарынан шырша егуге демеушілік көрсетті. Акцияға білім бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы, білім бөлімінің бас маманы Базарқұлова Анар Иманбайқызы, Құмарық ауылдық округінің әкімі Мансұр Болат Шәкіртұлы, мектеп әкімшілігі, жомарт түлектер, ардагер ұстаздар қатысып, жасұландықтармен бірге тал отырғызуға атсалысты.
Болтай батыр атындағы орта мектептің әкімшілігі.

Поделиться ссылкой: