23 маусым – Қазақстан полициясы күні
46 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Жақында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру мекемелерінде тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың маңыздылығы мен тиімділігін арттыру жолдары» атты тақырыпта облыстық тәжірибелік семинар өтті. Аталған іс-шараға 150-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында семинарға қатысушылар «Тәрбие сағатын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары», «Ұлттық құндылықты қалыптастыруда сынып жетекшінің рөлі», «Дебат технологиясы – жаңа заман талабы» тақырыптарында ой бөлісті. Қатысушылар тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың маңыздылығы мен тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік көмектер алды.
«Құлан таңы» ақпарат.