Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп

335 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерге тұрғындар көптен күткен көгілдір отын тартылды. Жылдан-жылға бұл елді мекендердің әлеуеті де артып келеді. Аудан басшысы өз сөзінде Қарақыстақта биыл да ілкімді істер атқарылатынын тұрғындар назарына жеткізді. Сұрақ-жауап кезеңінде ауылдық округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелерін қозғады.
Аудан әкімі Ернар Серікәліұлы ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге заң аясында жауаптар беріп, іс-шаралар жоспарына енгізілетінін айтты.
Ернар Серікәліұлы қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер өз деңгейінде жүргізілетінін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: