Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Құлан ауылдық округі әкімшілігінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның ішінде 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі электронды түрде көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе /www.egov.kz, www.elicense.kz. арқылы көрсетіледі.
2023 жылдың І тоқсанында «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша 58, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша 1 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет түрлерін қазіргі таңда «egov.» веб порталында ЭЦП кілтін қолдану арқылы алуға болады. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде электрондық порталдағы «Жеке кабинет», сондай-ақ, бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік бар.
Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты.