Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны әрі ары. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүруі мүмкін емес, ал тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ.
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны енді іркілмейтін үрдіске ауып барады. Барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды жүзеге асырып, әртүрлі іс-шаралар өткізу үстінде. Сонымен қатар газет — журналдарда, теледидарда әртүрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы аз айтылып жатқан жоқ. Дегенмен тілдің мәртебесін көтеру жастар арасында қалай жүріп жатыр деген ой мазалайды.
Тіл тазалығын сақтап, ойын еркін жеткізе алатын жастар жоқ емес жетерлік. Бірақ жастардың заман талабына сай болуға ұмтылуы, бүгінгі буын өздеріне ыңғайлы соқпақты тауып алуға қашанда бейім. Әрине, киген киімі, қыдыратын орны мен мамандықтарының өзгеше боларын білгенмен, өздеріне тән тіл қалыптастырады деген ойды ешкім ойламаса керек. Сондай-ақ, қалыпты тілден ауытқыған мысқылды «паразит» сөздер санамызға дендеп сіңіп қалған секілді. Бәлкім, жанындағы адамдарға әсер қалдыру үшін елден ерекшеленген түрі болар. Егер түпкі ойы осыған саятын болса, онда біз тұрпайы мәдениет пен жұрдай әдептің арасында жүрміз. Себебі, қолайсыз айтылған сөз саптауынан қандай әдеп, қандай сыпайылық күтуге болады.
Айналып келгенде барлығы «заманауи көрінеміз» деп жұтаңданып бара жатқаны жасырын емес. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бишарасы», – деді емес пе? Ендеше, «Ештен кеш жақсы» демекші, елімнің жастарын, ең алдымен, өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын. Уақыт өтер, керуен көшер. Ал тіл тазалығын сақтау туралы мәселе жастардың сөйлеу мәдениеттілігінен басталуы керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойы ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыз – тіл.
Тіл туралы айтылатын сыр да, жазылатын жыр да ешқашан таусылмайды. Сол сырлар мен жырларды санамызға сіңіріп, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген сөздерді тек қағазға емес, көкірегімізге жаза білейік!
Бекзат Жайлаубаева,
аудандық «Тілдерді оқыту» орталығының штаттан тыс оқытушысы.