Бұл – Советский Бақытжан
31 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлық мейрам – Ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын!
Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, кең пейілдік пен жомарттыққа үндейтін мейрам.
Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі – Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз. Ораза айт мерекесінде жасаған барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Халқымыздың береке-бірлігі мен ырысы, несібесі әрдайым арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.