Бұл – Советский Бақытжан
31 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Ауданымызға ҚР Мемлекеттік Рәміздерін пайдалану және қолдану бойынша республикалық инспекциялық топ келді. Топ құрамында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы, ҚР Ішкі істер министрлігі Геральдика, стандарттау және сапа тобының бас сарапшысы Алғазинова Гүлбибі Алғазықызы, Жамбыл облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Қалдығожин Дәулет Қуатұлы және облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Қашқынбек Шынар Қайратқызы бар.
Жұмыс сапары барысында аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен білім ордаларындағы мемлекеттік рәміздерді бекітілген заңнама, ереже талаптарына сәйкес қолдану, оларды күтіп ұстауға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімінің Баспасөз қызметі.