Жұмыссыздарды жарылқаған жәрмеңке

150 Views

Өткен сейсенбіде М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Т.Рысқұлов аудандық прокуратура және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге 10 жұмыс берушіден 20 тұрақты жұмысқа, жастар практикасына 52 орын, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 орын, ақылы қоғамдық жұмысқа 6 орын, ұрпақтар келісім-шарт жобасына 2 орын, алғашқы жұмыс орындарына 14 орын, қысқа мерзімді курс оқуға 50 орын, құрылыс жұмыстарына 130 орын түсті.
Нәтижесінде тұрақты жұмысқа 17 азамат, жастар практикасына 8 азамат, алғашқы жұмыс орындарына 3 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа 6 азамат, «Күміс жас» жобасына 1 азамат жұмысқа жолданды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: