Жас полицейлер тарихпен терең танысты

52 Views

Мереке қарсаңында аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залына жеке құрам қызметкерлері жиналып, Ұлы Отан соғысына қатысты тың деректермен терең танысты. Жас құқық қорғаушылардың назарына белгілі тарихшы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Үздік өлкетанушы», «Аманат» сыйлығының иегері Бекқұлы Әліұлының жинақтаған деректері мен бейнематериалдары ұсынылды. Аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі А.Шалғынбаевтың айтуынша, дәл осындай шаралар тек тарихтан сыр шерту үшін ғана емес, жастардың бойындағы ержүректікті, отансүйгіштік қасиетті дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр екен.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: