Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі

326 Views

«Бізден кейінгі ұрпақ соғыс көрмесе, бірлік пен татулық – елдіктің ерен үлгісі екенін анық ұқса екен». Соғыс көрген, қарша бораған оқтың ортасында жаумен алысып, бейбітшіліктің қадірін ұғынған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бар тілегі осындай еді. Өкінішке орай, осындай диуани баталы сөз айтқан майдангер аталарымыз бүгінде ортамызда жоқ. Кеудесі мәнді мақал мен кестелі сөзге толы ардагер аталарымыздың сол арман-тілегін бүгінгі буыны қатайған жас ұрпақ та сезініп, тәбәрік алса дейсің.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Биыл сол Ұлы Жеңіске – 78 жыл толды. Осыған орай, өткен сейсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов бастап, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қостаған атқарушы биліктегі азаматтар «Жеңіс» саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы құрбандарының құрметіне қойылған ескерткішке тәу етіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл іс-шараға мемлекеттік қызметкерлермен қатар ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, жастар, сондай-ақ, қарапайым халық та қатысты. Осылайша жиылған жұртшылық соғыс құрбандарының құрметіне қойылған тұғырлы ескерткішке тағзым етіп, ұрыс даласында батырлық көрсеткен аталарымыздың қаһармандықтарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Өз тілшіміз.

Поделиться ссылкой: