Көпбалалы аналар саны 12 адамға толықты

260 Views

Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарса­ңын­да аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде мәнді де мағыналы кездесу өтті. Ол кездесуге өмірге ұрпақ әкеліп, отбасының түтінін түтетіп отырған көпбалалы аналар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Асыл жанды аналарға аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз айтып, ізгі тілегін білдірді. Ізгі тілектен соң Ернар Серікәліұлы 9 анаға «Күміс алқа», 3 анаға «Алтын алқа» алқасын табыс етті.
Осылайша ауданымыздағы көп­балалы аналардың саны тағы да ұлғайып отыр. Кездесу соңында көпбалалы аналар да ризашылықтарын білдіріп, осындай құрмет көрсеткен аудан әкіміне алғыстарын айтты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: