Құлаққағыс

218 Views

Мамыр айының 10-ы мен 14-і күні аралығында Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аймағында «Қызметтік қару» атты жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – мекемелерге бекітілген қызметтік қарудың сақталуы, пайдалануы мен алып-жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу. Егер де сондай әрекеттерге жол берілетін болса, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға сай жауапкершілікке тарту көзделген. Осы қағидаларды ескеріп, қаруға сақ болуларыңызды сұранамыз.

Ераслан Есенғалиұлы,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Поделиться ссылкой: