Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Бейсебек Ақанаев:
Өнер – тұтас табиғаттың негізгі тірегі десек, қате айтпаған болар едік. Адалын айту керек, қазақты өнерсіз елестету әсте мүмкін емес. Қазақ халқында өнердің түр-түрі бар. Соның айнымас бөлшегінің бірі – сурет өнері.
Өткен аптада Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде белгілі суретші, жергілікті қылқалам шебері, «Қазақ өнерінің қайраткері» медалінің иегері, Халықаралық декоративті өнер шеберлерінің мүшесі, жерлесіміз Мақсат Қаңтарбаевпен кездесу кеші өткізілді. Айта кетейік, бұл кездесуді аудандық мұражайдың қызметкерлері ұйымдастырды.
Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтан өзге ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Өнер академиясының қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы хатшылығының мүшесі Бейсебек Ақанаев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем сурет академиясының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Марлан Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері Лидия Дроздова сынды өнер деген өлкеде өзіндік орнын қалыптастырып жүрген азаматтар мен азаматшалар қатысты.
Жиынға қатысушылар алдымен Мақсат Қаңтарбаевтың еңбектерімен танысып, қылқалам шеберінің жұмысына жоғары баға берді. Әсіресе, кездесу кешінде сөз сөйлеген Бейсебек Ақанаев жерлесіміздің жұмыстарына таңдана қарайтынын айтып, Мақсат Қырғызбайұлын өзінің туған інісіндей көретінін жеткізді.
– Мақсат – шебер суретші. Оның әр туындысының түкпірінде өзгеше ой жатады. Мен оны өз бауырымдай көремін. Мақсат Қырғызбай ақсақалдың ұлы ғана емес, өнерін жалғастырушы. Оның жұмыстары әрдайым жоғары бағаланады. Меніңше Қаңтарбаев әулетіне лайықты құрмет көрсететін күн келді. Аудандарыңыздан осы әулетке арналып мұражай ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл бастамаға бізде өзіндік үн қосар едік, – деп мұражай ашылған жағдайда Мақсат Қаңтарбаевты танитын суретшілер бір-екі туындысын ойланбастан тарту ететінін жеткізді. Бейсебек Әтібекұлының бұл бастамасын Марлан Нысанбаев та, белгілі артблогер Лидия Дроздова да қолдай кетті.
Жиын соңына қарай жерлесіміз Мақсат Қаңтарбаев ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі атанды. Иығына шапан жабылып, арнайы медальмен де марапатталды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.